Halyq Uni логотип
×

СҚО-да тағы бір аңшы адам атты

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 08.08.2022 | 17:12
СҚО-да тағы бір аңшы адам атты
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 11 шілдеде Жамбыл ауданы Бауман ауылының маңында 65 жастағы ер адам жидек теріп жүрген ауылдасы – 51 жастағы Алтынай Мұздақбаеваны абайсызда атып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынғаны туралы жаздық. Сонымен бірге аталған жағдайға байланысты учаскелік инспектор қызметі бойынша әрекет етпеді деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама