Мақпал Исабекова баласында 6 ұлттың қаны бар екенін айтты

Дастан Жұмабекұлы

Оның екеуі анасынан, төртеуі әкесінен берілген

фото: instagram.com

Мақпал Исабекова ұлының ұлтына қатысты сауалға жауап берді. Оның айтуынша, күйеуінің тегінде төрт түрлі ұлттың қаны бар.

Біздің ұлымыз алты түрлі ұлттың өкілі. Оның екеуі менен, төртеуі күйеуімнен берілді, –  деді Мақпал Instagram-да сауал тастаған оқырманына.

Әншінің күйеуі аралас ұлт өкілі болғанымен, Қазақстан азаматы. Ал әншінің өзі ұлын операциямен дүниеге әкелгенін айтты. 

Маған кесарь тілігі жасалды. Қан қысымы, жүктіліктің соңғы апталарындағы ісік пен баланың салмағы әсер етті. Бәрі Алланың қалауымен. Өзім тууға бекінгеніммен, ең бастысы, баланың денсаулығы еді. Демек, бала үшін дұрысы сол болды, –  деді Мақпал. 

Әнші биыл тұрмысқа шыға салысымен босанған болатын. Ол баласының атын Теодор деп атады.