Мамандар 3 мың литр ішімдік пен 36 мыңнан аса бөтелкені тәркіледі
Жамбыл облысында ішімдік өндірген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департамент қызметкерлері заңсыз жолмен арақ өндірген цехты анықтаған.
Тінту кезінде шамамен 3 мың литр алкоголь өнімі, 36 мыңнан аса арақтың бөтелкесі, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтер жарияланбайды.