×

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы қаза тапты

Күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 14:59
Фото: 63.ru

Ақтөбе облысында көлік апатынан Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 6 тамызда таңғы сағат 6.00 шамасында «Ақтөбе – Астрахань» тас жолының 284 шақырымында болған.

42 жастағы Lada Largus жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге өтіп кеткен. Салдарынан көлік аударылған.

Көлік апатынан зардап шеккен Өзбекстанның екі азаматы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Бір әйел есін жимастан қайтыс болды, - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Айта кетейік, егер сотта күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама