Halyq Uni логотип
×

«Әлеуметтік желілер арқылы ақша тартқан». БҚО-да қаржы пирамидасы анықталды

Күдіктілер қазақстандықтарды күн сайын пайда табуға болады деп сендірген

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 10:18
«Әлеуметтік желілер арқылы ақша тартқан». БҚО-да қаржы пирамидасы анықталды
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Батыс Қазақстан облысында BINCLOUD қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тұрғындардың ақшасын тарта отырып, BINCLOUD қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды. BINCLOUD бағдарламасына сәйкес қазақстандықтар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.

BINCLOUD бағдарламасына қатысып, зардап шеккендер ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны хабарласа алады:

  • +7(7172)708-478.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама