×

«Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмысшылары жұмыстан бас тартып, митингке шықты

Олар жалақыны 2 есе көтеруді және жұмыс істеу үшін дұрыс жағдай жасауды талап етуде

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 18:13
фото: дереккөз

«Атырау-Жарық» АҚ электр желісінің 80 жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартты деп хабарлады жергілікті «Ақ Жайық» басылымы.

3 тамызда «Атырау-Жарық» АҚ электр желісінің Жылыой аудандық бөлімшесінің 80-ге жуқ жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартып, митингке шықты. Олар жалақыны 2 есе көтеруді және жұмыс істеу үшін дұрыс жағдай жасауды талап етіп жатыр. Акция 4 тамызда да жалғасын тапты, - делінген хабарламада.

Жиналғандар бұл ретте жалақыларын 2 есе көтеруден бөлек, өзге де қордаланып қалған көптеген мәселелерді қозғаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама