Атырауда педагогтер тергеу изоляторына жіберілді

Дәурен Ерболат

Мұғалімдерге сыбайлас жемқорлық қылмысының салдары қандай болатыны түсіндірілді

Фото: Антикор

Атырауда басқарма және білім бөлімінің қызметкерлері тергеу изоляторына барды, деп хабарлайды «Мой город».

Педагогтер қамауда отырғандардың ұстау шарттарымен танысты. Экскурсияны Антикор қызметкерлері ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың бар ауыртпалығы мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ жемқорлыққа деген төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, - деп жазылған хабарламада.

Педагогтерді тергеу изоляторына жіберуге білім беру жүйесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері себеп болған. Салада кадр мәселелерін шешу, сертификаттау, тестілеу және лауазымға тағайындау барысында жемқорлық қаупі бар.