Қазір 3 бала өте ауыр халде жатыр
Биыл 6 мың бала СOVID-19 жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жыл басынан бері 6 мың бала ауырды. Бүгінде 423 бала COVID-19-дан емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығы министрлік деңгейінде бақылауда. Жеке штабымыз бар, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ажар Ғиният СOVID-19 жұқтырған балалардың денсаулығы дәрігерлердің қырағы бақылауында екенін атап өтті.
«Бүгінде вирус жұқтырған балалардың 21%-ында ауру жеңіл өтуде, 77%-ы орташа деңгейде, 0,7%-ы күрделі, яғни 3 бала реанимация бөлімінде жатыр. Олардың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда Қазақстанда 500-ден аса баладан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.