×

Ресейдегі қазақтар Қазақстан тарихы жайлы не білетінін айтты

Алтай қазақтары ана тілілінің қолданылуы турасында сөз қозғады

 Халық үні 04.08.2022 | 12:24

Әлеуметтік желіде «Этникалық қазақтар ана тілін біле ме? Алтай Республикасындағы қазақ қыздары туралы шындық» деген тақырыппен видео тарады. Сауалнама жүргізген блогердің сұрағына Қосағаш ауданындағы (Алтай Республикасы) оқушылар мен талапкерлер жауап берген.

- Қазақстан туралы не білесіз?

- Ештеңе.

- Мүмкін мектепте Қазақстан тарихы туралы оқыған шығарсыз?

- Біз Абай Құнанбаев секілді қазақтың белгілі ақындары туралы оқыдық. Бірақ Қазақстан тарихы туралы оқымадық.

- Демек, Қазақстан тарихы туралы оқытпайды ғой? Тек әдебиетпен шектеле ме?

- Иә.

- Онда Абайдың қандай да бір өлеңін білесіз бе?

- Жоқ, білмеймін. Ұмытып қалдым.

- …Мұндағы қазақтардың дені орыс тілінде сөйлейді. Ал қалаға көшіп кеткендері қазақ тілінде сөйлемейді. Тіпті, кейінгі кішкентай бүлдіршіндердің тілі орысша шыққан.

- Сіздіңше, бұл дұрыс па?

- Жоқ. Әр адам өз ана тілін білуге тиіс.

Блогердің сұрағына жауап бергендердің бірі қазақ тілі – ана тілі екенін, үйінде, туыстарының арасында барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысатынын жеткізген.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Қосағаш ауданында шамамен 10 200 этникалық қазақ тұрады. Бұл аудан тұрғындарының жартысынан астамы – қазақ диаспорасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама