Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған
Атырау облысында 26 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды «Мой город».
Қайғылы оқиға Махамбет ауданы Тандай ауылындағы Бақсай каналында болған.
2 тамызда сағат 15:05-те рұқсат етілмеген жерде шомылған 1996 жылғы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарланды.
Оқиға орнына Атыраудан ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары барды. Кешкі сағат 19:10-да жергілікті тұрғындардың күшімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 31 шілдеде Махамбат ауданының әкімі Ринат Жанглишов Жайық өзеніне батып кеткен еді. Оның денесі шамамен бір тәуліктен кейін табылды.
Кеше премьер-министр Әлихан Смайылов суға бату дерегінің өсуіне байланысты министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма берген болатын.