3 өңірде СOVID-19 жұқтырғандар саны азаяр емес

Дәурен Ерболат

Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адамнан вирус анықталып жатыр

Фото: vladgkb4.ru

Елорда, Алматы және Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2661 жағдайы тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 949,
  • Алматыда – 446,
  • Қарағанды облысында – 344,
  • Шымкентте – 51,
  • Ақмола облысында – 101,
  • Ақтөбе облысында – 70,
  • Алматы облысында – 77,
  • Жетісу облысында – 57,
  • Атырау облысында – 44,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 28,
  • Абай облысында – 41,
  • Жамбыл облысында – 25,
  • Батыс Қазақстан облысында – 98,
  • Ұлытау облысында – 8,
  • Қостанай облысында – 81,
  • Қызылорда облысында – 58,
  • Маңғыстау облысында – 47,
  • Павлодар облысында – 71,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 46,
  • Түркістан облысында – 19.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 357 276 жетті. 

Сондай-ақ 2290 адам коронавирустан айықты

  • Нұр-Сұлтанда – 860,
  • Алматыда – 623,
  • Ақтөбе облысында – 44,
  • Алматы облысында – 95,
  • Жетісу облысында – 53,
  • Атырау облысында – 15,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 18,
  • Абай облысында – 13,
  • Жамбыл облысында – 53,
  • Батыс Қазақстан облысында – 29,
  • Қарағанды облысында – 212,
  • Ұлытау облысында – 44,
  • Қостанай облысында – 33,
  • Қызылорда облысында – 146,
  • Маңғыстау облысында – 32,
  • Павлодар облысында – 15,
  • Түркістан облысында – 5.

Қазақстанда барлығы 1 316 110 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

3 тамыздағы мәлімет бойынша 27 747 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

«Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, осыған дейін коронавируспен күрес үшін 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынғаны хабарланған еді.