3 өңірде СOVID-19 жұқтырғандар саны азаяр емес
Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адамнан вирус анықталып жатыр
Елорда, Алматы және Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2661 жағдайы тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 949,
- Алматыда – 446,
- Қарағанды облысында – 344,
- Шымкентте – 51,
- Ақмола облысында – 101,
- Ақтөбе облысында – 70,
- Алматы облысында – 77,
- Жетісу облысында – 57,
- Атырау облысында – 44,
- Шығыс Қазақстан облысында – 28,
- Абай облысында – 41,
- Жамбыл облысында – 25,
- Батыс Қазақстан облысында – 98,
- Ұлытау облысында – 8,
- Қостанай облысында – 81,
- Қызылорда облысында – 58,
- Маңғыстау облысында – 47,
- Павлодар облысында – 71,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 46,
- Түркістан облысында – 19.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 357 276 жетті.
Сондай-ақ 2290 адам коронавирустан айықты
- Нұр-Сұлтанда – 860,
- Алматыда – 623,
- Ақтөбе облысында – 44,
- Алматы облысында – 95,
- Жетісу облысында – 53,
- Атырау облысында – 15,
- Шығыс Қазақстан облысында – 18,
- Абай облысында – 13,
- Жамбыл облысында – 53,
- Батыс Қазақстан облысында – 29,
- Қарағанды облысында – 212,
- Ұлытау облысында – 44,
- Қостанай облысында – 33,
- Қызылорда облысында – 146,
- Маңғыстау облысында – 32,
- Павлодар облысында – 15,
- Түркістан облысында – 5.
Қазақстанда барлығы 1 316 110 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
3 тамыздағы мәлімет бойынша 27 747 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
«Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, осыған дейін коронавируспен күрес үшін 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынғаны хабарланған еді.