×

Қазақстан сарбаздарына білезік тағылады

Сол арқылы әскерилердің жүріп-тұруын бақылауға болады

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 17:40
фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі сарбаздар арасында суицидтің пайда болу себептерін зерттейтін және осындай жағдайларды азайту бойынша жұмыс жүргізетін арнайы жұмыс тобын құруды ойластырып отыр. Яғни, сарбаздарға смарт білезіктер жасауды жоспарлануда.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Цифрландыру жұмысына еліміздегі IT компаниялары тартылады. Олар бізге әскери бөлімдерді бейнекамералармен жабдықтау арқылы жоспарды іске асыруға көмектеседі. Сол кезде сарбаздардың жүріп-тұруын біліп отыратын боламыз. Сондай-ақ, сарбаздың орналасқан жері мен импульсін бақылайтын білезіктерді пайдалану ұсынылады. Егер сенсор өшірілсе, онда командирлер осы жерге барып, тексеру жүргізе алады. Сонымен қатар суицидке бейімділікті анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық тесттер әзірленеді, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Ол жыл басынан бері еліміздің әскери бөлімдерінде біршама сарбаздың көз жұмғанын айтып, цифрландыру жобасы іске асса, мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбайтынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама