Нұр-Сұлтанда күніне мыңға жуық адам індет жұқтырып жатыр
Қала «сары» аймақта тұр
Елордада бір күнде 900-ден аса адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2021 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 958,
- Алматыда – 345,
- Шымкентте – 18,
- Ақмола облысында – 65,
- Ақтөбе облысында – 63,
- Алматы облысында – 62,
- Жетісу облысында – 75,
- Атырау облысында – 13,
- Шығыс Қазақстан облысында – 20,
- Абай облысында – 25,
- Жамбыл облысында – 41,
- Батыс Қазақстан облысында – 32,
- Қарағанды облысында – 150,
- Ұлытау облысында – 20,
- Қостанай облысында – 20,
- Қызылорда облысында – 38,
- Маңғыстау облысында – 15,
- Павлодар облысында – 41,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 14,
- Түркістан облысында – 6.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 354 615 жетті.
Сондай-ақ 1358 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 759,
- Алматыда – 274,
- Атырау облысында – 3,
- Шығыс Қазақстан облысында – 9,
- Абай облысында – 4,
- Жамбыл облысында – 9,
- Батыс Қазақстан облысында – 22,
- Қарағанды облысында – 212,
- Ұлытау облысында – 3,
- Маңғыстау облысында – 31,
- Павлодар облысында – 12,
- Түркістан облысында – 20.
Елімізде барлығы 1 313 820 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2 тамыздағы мәлімет бойынша 27 351 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 539 пациент стационарда, 25 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 37 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше елордада 947 адам коронавирус жұқтырған еді.