×

Атырауда суға кеткен әкімді іздеуге 44 адам кірісті

Махамбет ауданының әкімінің денесі әлі табылмай жатыр

 Айнұр Асылбекқызы 01.08.2022 | 14:43
фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

31 шілде сағат 20:30 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суға батып кеткен азаматты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

2022 жылдың 31 шілдесінде кешкісін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Махамбет ауданы Ортақшыл ауылына оқиға орнына жеткен бойда балық аулау құралдарымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.

Бүгін, 1 тамыз күні сағат 06:10 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері су асты іздестіру жұмыстарын бастады. Іздестіру-құтқару жұмысына ТЖД 9 қызметкер, 2 жүзу құралы және 2 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері және 2 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер және 1 бірлік техника, туыстарынан 15 адам жұмылдырылды.

Ринат Жанқылыш 1982 жылы туған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.

Ринат Жанқылыш 1982 жылы туған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінде аға тергеуші ретінде бастаған.

Әр жылдары Атырау, Тараз қалаларында «Қазақстандық құбыр зауыты» ЖШС, «Қазақстан құбыр оқшаулау зауыты» филиалында басшылық қызмет атқарған.

Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпанында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама