Тәжірибе көрсеткендей, тіпті кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен сәбилер де қорғалмаған
Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері адам саудасына қатысты 7 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаған деп хабарлады Polisia.kz.
Оның ішінде 5 факті – жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарды ұйымдастыру мен жүргізу, 1 кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікке тарту және 1 жаңа туған баланы сатуға әрекет жасау», – дейді Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.
Бұл фактілер бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әркім адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, тіпті кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен сәбилер де қорғалмаған, – дейді Руслан Смағұлов.
Сондай-ақ ол адам саудасымен күресте қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері мен «Родник» қоғамдық қорының өкілдері көші-қон қызметі орталығының базасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.