×

Димаш Құдайберген күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға жұмсауға дайын

Әнші студенттер арасындағы шығармашылықты дамытуға қатысты идеяларын айтты

 Айгерім Таубай 30.07.2022 | 11:55
фото: Instagram

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген студенттер арасындағы шығармашылықты дамытуға атсалысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Димаш Құдайберген бүгін бізге қонаққа келді. Әлемге әйгілі әнші студенттер шығармашылығын дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалар жөніндегі идеяларын бөлісті, - деп жазды министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, әншімен кездесу барысында шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджментке қажет кадрлар даярлау мәселесі де талқыланған.

«Димаш Құдайберген ұсынған идеяларды Ғылым және жоғары білім министрлінің жұмысы барысында міндетті түрде ескереміз. Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға жұмсауға дайын екені бізді қуантады», - деп түйіндеді министр.

Сондай-ақ министрлік пен әнші байланысты үзбей, пікір алмасып отыруға келісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама