×

Әпкесінің қымбат телефонын 3,5 мың теңгеге сатып жіберген жігіт ұсталды

Ақшадан қысылған шымкенттік жас жігіт әпкесінің ұялы телефонын ұрлап әкетіп, оны өте арзан бағаға сатып жіберген

 Халық үні 30.07.2022 | 11:12
Фото: ашық дереккөздерден

Еңбекші аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын "RedMi-9" маркалы ұялы телефоны белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін көрсеткен. Оның бағасы 85 мың теңге екен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде оның інісін ұстады. Жас жігіт жауап алу кезінде ұялы телефонды небәрі 3500 теңгеге сатып жібергенін айтқан. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсапты.

Күдікті бұл іске ақшадан қысылғандықтан амалсыз барғандығын айтып, өз кінәсін мойындады. Әпкесінің ұялы байланыс телефоны қуатталып жатқанын көріп және бөлмеде ешкімнің жоқтығын пайдаланған ол сол арада үптеп үлгерген, — деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама