«Хиджаб киген қыздарды «періште» көретіндер мына видеоны көріп не айтар екен?» - қоғам белсендісі

Халық үні

Жүректе кішкентай иман болмаса бәрі бекер…

коллаж: Halyq Uni

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында хиджаб киген келіншектің тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипед ұрлағанына қатысты пікір білдірді, деп жазады Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, имандылық шүберекте емес, жүректе. 

«Оранған, хиджаб киген қыздарды «періште» көретіндер мына видеоны көріп не дер екен? Жүректе кішкентай иман болмаса бәрі бекер…. Шүберекке оранып алып, өздерін біз «имандымыз», «мұсылманбыз» сендер «кәпірсіңдер» , - деп уын шашып отыратындар әлеуметтік желіде өте көп. Шындап келгенде мұсылмандар ешқашан біреуге қиянат жасамайды. Кішкентай қыз үшін жүрегім ауырып отыр, шүберекке орап қойып, үйінде имандылықты, көшеде ұрлықты үйретіп жүр ме?», - деп жазды қоғам белсендісі.