Halyq Uni логотип
×

Бейжің-2020: Ел құрамасы Олимпиада қалашығына орналасты

Қазақстан командасы Қытайға арнайы рейспен ұшқан еді

 Халық үні 29.01.2022 | 11:15
Бейжің-2020: Ел құрамасы Олимпиада қалашығына орналасты
фото: olympic.kz

Ел құрамасы Қытайға жетіп, қалашыққа сәтті орналасты. Қысқы Олимпиада ойындары үш кластерде, атап айтқанда, Бейжің, Чжанцзякоу және Яньцинь аймақтарында өтеді. Мұз айдындындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді. Қытай астанасындағы Олимпиада қалашығына конькимен жүгіру мен шорт-тректен Қазақстан командалары орналасты. 

Олимпиада картасындағы ең алыс аймақ көрші Хэбэй провинциясында орналасқан таулы Чжанцзякоу болды. Онда фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы жарысы және шаңғы қоссайысы бойынша құрама командалар жайғасты. Ал Янциньге тау шаңғысының спортшылары орналасты.

Бейжіңге келіп, міндетті ПТР сынағынан өткеннен кейін бірден Олимпиада қалашығына бардық. Бейжің мен Чжанцзякоу арасындағы жол 3 сағатқа созылады. Біздің фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы құрама командалары осында болды. Басқа құрамаларды күтеміз. Бәрі ойдағыдай. Мұнда ауа райы ашық болғанымен, суықтау. Ал спортшылардың көңіл күйі бірқалыпты, жақсы. 

Біздің қалашыққа орналасуымыз Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың Олимпиада қалашығына сапарымен тұспа-тұс келді. Ол спортшылармен тілдесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Олимпиада ойындары – кез келген спортшының өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кездесу біздің спортшыларды бұрынғыдан да қанаттандырып, шабыттандырды деп ойлаймын, - деді Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев.

Кездесу барысында Олимпиада дәстүрі де сақталып, ХОК басшысы спортшылармен естелік төсбелгісімен алмасты.

«Олимпиада қалашығына келгендегі сезімім ерекше, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда барлығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Командамыз да өз кезегінде бұл стартқа тас түйін дайын. Жан-жақты, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындалды. Алғашқы күні-ақ ХОК басшысы Томас Бахпен ​​кездестік. Ол маған бір-екі символдық сұрақ қойып, көңіл-күйімді, қобалжу бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ, әрине, сәттілік тіледі», - деді фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының мүшесі Анастасия Городко.

Қазақстан командасы спортшыларының ішінде бірінші болып жарыс жолына могулшылар шығады. Могул бойынша іріктеу жарыстары Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дейін, 3 ақпанда өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама