«Сабырлық – қазаққа тән қасиет, ол орыс халқында жоқ» – Наталья Дементьева

Қанат Атаманов

Ұлты орыс депутат «Сұрауы бар» YouTube арнасындағы жаңа жобасы – «QAZAQ BOL!» бағдарламасына қатысты

фото: «Сұрауы бар» YouTube арнасынан

Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі өкілі Наталья Дементьева осылай дейді. Ұлты орыс депутат «Сұрауы бар» YouTube арнасындағы жаңа жобасы – «QAZAQ BOL!» бағдарламасына қатысып, қазақ тілінде сұхбат берген.

Қазақ халқына тән қасиет – сабырлық. Қазақ халқының ерекшелігі - сол. Мысалы, орыс халқын алатын болсам, менің туған халқым ғой, бірақ оларда жоқ ондай қасиет. Мүлдем жоқ емес, бар. Бірақ дәл қазақтардағыдай емес. Қазақтар онымен қоса сенімдігілі жоғары ел. Сенімділік деген өте жақсы қасиет. Қазақтың сонысын ерекше бағалаймын, - дейді Наталья Дементьева.

Депутат адамдар арасындағы қарым-қатынаста, достықта да, махаббатта да сенімділіктің қажет екенін айтады.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп көруге болады.