Нұр-Сұлтанда күніне 800-ден аса адам COVID-19 жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1859 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 835,
- Алматыда – 363,
- Шымкентте – 17,
- Ақмола облысында – 66,
- Ақтөбе облысында – 11,
- Алматы облысында – 45,
- Жетісу облысында – 60,
- Атырау облысында – 64,
- Шығыс Қазақстан облысында – 12,
- Абай облысында – 8,
- Жамбыл облысында – 61,
- Батыс Қазақстан облысында – 21,
- Қарағанды облысында – 170,
- Ұлытау облысында – 27,
- Қостанай облысында – 1,
- Қызылорда облысында – 42,
- Маңғыстау облысында – 18,
- Павлодар облысында – 29,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3,
- Түркістан облысында – 6.
1234 адам COVID-19-дан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 406,
- Алматыда – 319,
- Алматы облысында – 161,
- Жетісу облысында – 115,
- Атырау облысында – 8,
- Шығыс Қазақстан облысында – 32,
- Абай облысында – 17,
- Жамбыл облысында – 25,
- Қарағанды облысында – 78,
- Ұлытау облысында – 24,
- Қостанай облысында – 10,
- Қызылорда облысында – 20,
- Павлодар облысында – 13,
- Түркістан облысында – 6.
Елімізде барлығы 1 302 320 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
26 шілдедегі мәлімет бойынша 19 571 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 472 пациент стационарда, 18 099 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 33 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 6 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтанда 806 адам коронавирус жұқтырған еді.