×

«Тендерде жеңіске жетесіз». Алматылықтарды 300 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

Күдікті қамауда отыр

 Дәурен Ерболат 25.07.2022 | 17:05
Фото: 24.kz

Алматыда тұрғындарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

С. есімді әйел «сенімді таныстары» бар екенін, азаматтар тендерге қатыса алатынын айтқан. Тіпті, тендерде жеңіске жетесіз деп уәде берген. Бүгінде күдіктіге қатысты 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі – 300 млн теңге. Күдікті қамауда отыр. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр, - деді Әуезов аудандық ПБ басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама