×

Eden Life қаржы пирамидасына ақша салуға кеңес берген күдіктілер анықталды

Ведомство астаналықтарға сақ болуға кеңес береді

 Дәурен Ерболат 25.07.2022 | 16:36
Фото: inform.kz

Елордада Eden Life қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті сенгіш тұрғындармен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарламаға келісім жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған адамдарды анықтады.

Eden Life қаржы пирамидасы өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен. Басқарма аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

ҚМА қазақстандықтарды қырағы болуға және Youtube-тегі Eden Life жарнамасына алданып, қаражатты күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама