×

Қазақстанда өткен бір апта ішінде 3 200-ден аса қылмыс жасалған

Оның 2 053-і тәулік ішінде ашылды

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2022 | 12:01
фото: ашық дереккөз

Елдімізде өткен аптада 3 265 қылмыс жасалған. Бұл туралы бүгін ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.

Оның 2 053-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 12 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 39 тонау және 475 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар ол өткен аптада Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облыстық полиция департаментінің бастығы болып генерал-майор Бектөре Сұлтан, Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов, Алматы қалалық полициясының басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тағайындалғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама