×

Екібастұз тұрғыны су қоймасының жағасында мектеп оқушысын қорлады

Белгілі болғандай, жақын маңда оқушыға көмекке келетін ересектер болмапты

 Қанат Атаманов 22.07.2022 | 21:00
Фото: inform.kz

Павлодар облысының 28 жастағы тұрғыны жағажайда оқушыға азғындық әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Оқиға Екібастұз су қоймасының жанында болған. Әйел мен екі ер адам су қоймасында төрт ұл мен 13-14 жастағы бір қыздың жеке заттарын тартып алып, доберман тұқымды итімен қорқытқан. Жасөспірімдерге тиіскен ер адамдардың бірі болған оқиға туралы ата-аналарына айтатын болса, суға батыратынын айтқан. Абырой болғанда ұлдардың бірі әжесінің телефонына хабарласып үлгерген.

Белгілі болғандай, жақын маңда оқушыға көмекке келетін ересектер болмапты. Тәртіп сақшылары келіншек пен бір еркекті ұстады.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан оның 14 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттің жасалғаны туралы арыз түсті. Күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 121-бабы 3-1-тармағы 1-бөлігі («кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады облыстықПполиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама