×

Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет шықты

Бүгінде ол дәрігерлердің бақылауында

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 12:38
Болат Назарбаев, фото: ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болат Назарбаев тұрақты ауыр халде жатыр. Ол 2015 жылдан бастап онкологиялық аурудан емделуде, - деді «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков.

Биыл наурызда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі 69 жасқа толған.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та ауыр халде жатқан Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған еді. Дереккөз Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр екенін, тіпті «дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатқанын» хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама