Әнші Сәкен Майғазиев күзетпен жүретін болған ба? (ВИДЕО)

Қанат Атаманов

Кейін ол Геллендваген көлігіне отырады

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал отандық әнші Сәкен Майғазиевтің оққағарлардың қоршауында кетіп бара жатқан видеосы тарауда.

Видеодан әншінің әскери киім киген 4 жігіттің ортасында келе жатқанын көруге болады. Оққағарлары құдды бір оның концертте, қалың жанкүйерлердің арасында келе жатқандай қоршап алған. Айналасында адамдардың болмағанына қарамастан, әнші жан-жағына қолын бұлғап, «воздушный поцелуй» жіберіп жатыр. Кейін ол Геллендваген көлігіне отырады.

Бірақ, бұл тек Тикток әлеуметтік желісі үшін түсірілген арнайы видеоролик болуы мүмкін.

Видео соңында Сәкен Майғазиев Геллендваген көлігіне отырып, жүріп кетеді.