×

Түркістанда қоймашы 4 млн теңгенің затын сатып жіберген

Күдікті зауыт техникасын сатып, ақшасын өз пайдасына жұмсаған

 Динара Амантай 19.07.2022 | 15:11
Фото: yujanka.kz

Түркістанда қоймашы өзі жұмыс істейтін зауыттың құны 4 млн теңгеге жуық болатын тауарларын сатып жіберген. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық порталы хабарлады.

Түркістан қаласы ПБ-ға құрылыс зауыттарының бірінен хабарлама келіп түскен. Онда аталған зауытқа тиесілі тауарлардың бірқатары жымқырылғаны көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде, күдікті азамат осы зауыттың қоймашысы болып шықты. Ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы, яғни (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі техникалар мен тауарларды сатып жіберген, – делінген хабарламада.

Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама