Halyq Uni логотип
×

Коронавирус жұқтырғандар саны қашан азаяды? - Министр жауап берді

Тамызда науқастардың саны артады

 Дәурен Ерболат 15.07.2022 | 12:51
Коронавирус жұқтырғандар саны қашан азаяды? - Министр жауап берді
Фото: medvestnik.ru

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны қашан азаятынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол эпидемиологиялық ахуалдың жаңартылған болжамына тоқталды.

Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын 3 айға арналған болжамды жаңартып отыратынын білесіздер. Пессемистік сценарийге сәйкес, коронавирус жұқтырғандардың саны бір тәулікте 4 мыңға дейін жетеді. Нақты сценарий бойынша олардың саны тәулігіне 2,5 мың болады. Оптимистік сценарийге сәйкес COVID-19 жұқтырғандар саны тәулігіне 1 мыңға дейін. Науқастардың саны тамызда өседі, ал тамыздың соңы мен қыркүйекте азаяды, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама