Жыл сайын 1 мың адам өзіне қол салады екен
Қазақстан суицид көрсеткіші жоғары 20 елдің қатарында тұр, деп хабарлайды ranking.kz.
ДДСҰ және Құқықтық статистика комитетінің дерегінше, қазақстандық ерлер әйелдерге қарағанда 5 есе көп суицид жасайды. Алайда БАҚ пен саясеткерлердің назары негізінен жасөспірімдер арасындағы суицидке ауады. Былтыр барлық суицидтің тек 4%-ы 18 жасқа дейінгі адамдардың үлесінде болған. Бірақ бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып отыр.
Тәуекел тобына ең алдымен ересектер кіреді. Олардың арасында ерлер де бар. Мысалы, 18-75 жас және одан жоғары жастағы адамдардың суицид жасау қаупі жоғары. Барлық суицидтің 76%-ы олардың үлесінде.
Ерлер неге өзіне қол салады деген сұраққа жауап беру қиын. Қазақстанда суицидке байланысты факторларды зерттеу дерегі аз. Сондықтан социологтар көбінесе тек болжам жасайды.
Өзіне қол салуға шешім қабылдаған адамдар биологиялық, экономикалық, психологиялық және басқа да көптеген фактордың ықпалында болады.
Дәрігер–суицидолог Екатерины Миронованың айтуынша, мұндай жағдайда себептер саны 800-ге жуықтайды.
Нұр-Сұлтанда 6 жыл жүргізілген зерттеуге сәйкес, суицидке ауа температурасының жоғарылауы да әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ Құқықтық статистика комитеті «өзіне қол жұмсауға ықпал ететін факторлардың» тізімін жасайды. Оған сәйкес, жалғыздық, ақшаның жоқтығы немесе ажырасу қайғылы жағдайға әкеп соғуы ықтимал.
Алайда бұл тізімде медициналық проблемалар мен психикалық бұзылулар жоқ. Мысалы, депрессия комитет есебінде жоқ, ал ДДСҰ оны өзіне қол салу факторы деп санайды.
Samaritans суицидтің алдын-алу агенттігінің зерттеуінше, ерлер әйелдерге қарағанда жалғыздықты көбірек сезінеді. Қоғам ерлерге аз қолдау көрсетеді. Олардың басым бөлігі жұмыс істеп жүрген кезде жалғыздықты сезінбейді. Алайда қиын сәтте, әсіресе ажырасқанда ерлер әлеуметтік қолдаудың азайғанын түсінуі мүмкін.
Қазақстанда 35-54 жас аралығында ерлер өзіне қол салуға бейім. 2015 жылдан 2021 жылға дейінгі деректерге сүйенсек, бұл жастағы адамдар барлық суицидтің үштен бірін жасаған.
Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасында суицид дерегі жиі тіркелетін өңірлерді атаған еді.