Бірнеше ай бойы жағдайы ауыр деп бағаланды. Кейін ол осы мәселе бойынша әділдік сұрап Президентке хат жолдаған
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Қадірменді қауым, менің арызым бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс «негізсіз» қысқартылып кеткенін білесіздер! Бұл жайттың Мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынғаны туралы қазір маған жеделхат келді! Бас Прокуратурадағы «Ерекеңнің» қолымен және тікелей мұрындық болуымен бұл іс қысқартылып кеткен шығар, «Ерекең барда - не қам бар?!», деп сеніп отыратын еді ғой… Ал енді ел Президентіне жолдаған менің ашық хатымды құдағиы - Әнипа Назарбаева да жаба алмайды деп ойлаймын!, – деп жазды ол.
Айта кетсек, Мөлдір Бекеева сәуір айында әлеуметтік желіде жариялаған қоштасу постында жаңа басшының қысымынан кейін қызметінен кеткенін жазған болатын. Онда Шымкент қалалық Полиция департаментінің бұрынғы баспасөз хатшысы өзіне жалған айып тағылып, қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек еткен. Осыдан кейін өзіне қол жұмсаған Мөлдір ауруханаға жеткізілген еді.
Бірнеше ай бойы жағдайы ауыр деп бағаланды. Кейін ол осы мәселе бойынша әділдік сұрап Президентке хат жолдаған.