×

Антикор өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полициясы баспасөз хатшысына қатысты тергеуді бастады

Оның көп мөлшерде дәрілік преппараттар ішкен болуы мүмкін екені айтылды

скриншот: әлеуметтік желі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент полициясының баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзіне қол жұмсамақ болғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

6 сәуірде Шымкент қалалық полициясының баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева әлеуметтік желіде жазба жариялап, үстінен қылмыстық іс қозғалған соң жұмыстан кететінін мәлімдеді.

«Қызмет-мансаптың соншалықты адам өмірінен де қымбат екенін бұлай маған ұғындырады деп ойламадым. Адам өз өмірін қалайша қия салады деп ойланатын едім. Енді түсінгендеймін...», - деп жазды Мөлдір.

Желідегі жазбадан кейін Мөлдірдің суицид жасап, жағдайы ауыр күйде ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама