×

«Соқыр тауық кейбір қазаққа бәрі жем»: Жанұзақ Әкім Абайды сынап тастады

Яғни, қара сөзді НКВД жазды дейді

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2022 | 16:27
фото: ашық дереккөз

Әлем таныған Абайды «Қазақстанға қалай рухани көсем бола алады?» дейді Жанұзақ Әкім. Ол Абайдың қара сөздерін де жоққа шығарды деп хабарлады Caravan.kz.

«Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді» дейді Асқар Сүлейменов. Абайдың бар жазғаны 1 том (50-60 өлең және сонша қарасөз (Гете 146 том жазған). Оның 10-нан астамында қазақты кемсіту. Сол үшін коммунистер оны 70 жыл бойы ұлттық идеологияға негіз етіп алды. Коммунистік идеологияның негізі болған Абай азат Қазақстанға қалай рухани көсем болады?! Жалпы Абайда елім, жерім... ұлт-азаттық үшін курес туралы ештеңе көрмедім. Яғни, ол арқылы ұлттың рухын көтеру мүмкін емес! Абайтану институтын ашып алып, оны «60 жыл зерттеп», яғни, оны «кормушкаға» айналдырған арамза алаяқтар мен тауықмилар қаптады. Барлық қасиетті кітаптарда «халық құдайдың бір аты» дейді. Абай пенде не Құдайдың құлының сол Құдайды жүйелі түрде сынап-кемсітуіне ешқандай құқығы жоқ. Құдайға сенген. Абайдың оны білмеуі мүмкін емес. Яғни, қара сөзді НКВД жазды. Тарының дәні мен кебегін айыра алмайтын соқыр тауық кейбір қазаққа бәрі жем болуда. Қазақтың есі қашан кіреді?!», - деген ол.

Сондай-ақ, Жанұзақ Әкім Абай туралы тағы былай депті:

«Батыс елдері бір адамды дәріптеу күпірлік, үңгірлік, тобырлық сана екенін түсінді. Олар әулие, пайғамбар... емес, қатардағы пенде, Құдайдың құлдары, қанша данышпан болса да. Қазақ, Герағаң жазатын «Адамзаттың Абайы», «Шығыстың Шыңғысы» деген сандырақтардан арылу керек. М. Мағауиннің 1970 жылдары шыққан хрестоматиясында «Қазақ әдебиеті Абайдан басталады» дейді. Сонда оған дейін қазақта әдебиет болмады ма? Ол қазақта әдебиет, тарих, мемлекет, шегара... ештеңе, тіпті қазақтың өзі болмады» деген советтік, одан кейін соңғы 30 жылдағы солақай идеологияның сандырағы».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама