Банк клиенттеріне қандай да бір шектеусіз төлемдермен және аударымдармен операциялар жүргізуді жалғастырады
Қазақстандық клиенттерге «Сбербанктің» төлемдер мен карталар бойынша барлық операциялары тағы үш ай бойы қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында хабарланды.
2022 жылғы 11 шілдеде АҚШ Қаржы министрлігінің Office of Foreign Assets Control шетелдік активтерді бақылау басқармасы лицензия шығарды. Оған сәйкес «Сбербанк» акционерлік қоғамымен мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, яғни 2022 жылдың 11 қазанына дейін ұзартылады, - делінген хабарламада.
Осы үш ай ішінде Қазақстан «Сбербанкі» штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Банк клиенттеріне қандай да бір шектеусіз төлемдермен және аударымдармен операциялар жүргізуді жалғастырады.
Айта кетсек, осы жылдың көктемінде ресейлік банктер, соның ішінде олардың Қазақстандағы еншілес бөлімшелері санкцияларға ұшыраған болатын. Ресейлік банктер филиалдарының кредиттерінің бір бөлігін қазақстандық ірі банктер сатып алды.
Біз бұған дейін ЕО ресейлік «Сбербанкті» SWIFT жүйесінен шығаруға келіскені туралы жазған болатынбыз.