×

ЕО ресейлік «Сбербанкті» SWIFT жүйесінен шығаруға келісті

Мұндай шешім санкцияның алтыншы пакеті аясында қабылданды

 Халық үні 31.05.2022 | 08:20
Фото: tengrinews.kz

Еуропалық Одақ (ЕО) Сбербанкті SWIFT жаһандық банкаралық төлем жүйесінен шығаратан болды. Бұл туралы Twitter-де Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель хабарлады.

Мұндай шешім санкцияның алтыншы пакеті аясында қабылданды. Бұл санкциялар пакеті басқа да қатаң шараларды қамтиды. Мысалы, Ресейдің ең ірі банкі Сбербанкті SWIFT жүйесінен шығарылды», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Еуроодақ елдерінің басшылары Ресейден мұнай жеткізуге эмбаргоға қатысты шешім қабылдады. Мишель ресейлік қара алтынды жеткізуге тыйым салу ішінара болатынын айтты.

ЕО көшбасшылары Ресейден мұнай импортына ішінара тыйым салу туралы келісті. Бұл бірден Ресейден келетін мұнай импортының үштен екісінен астамын жауып, оның әскерді қаржыландыру мүмкіндігін азайтады», - деп жазды Шарль Мишель.

Сондай-ақ, Еуроодақ басшысы ЕО Ресейдің тағы үш мемлекеттік телерадиокомпаниясына тыйым салатынын және Украинадағы әскери қылмыстарға жауаптыларға санкция салатынын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама