Бұл уағызды көрген желі қолданушылары Нұрлан Байжігітұлын бірауыздан қолдап отыр
«Әйел тапқан табысын төркініне берсе, оны күйеуіне айтуға міндетті емес» деп уағыз айтқан молда Нұрлан Байжігітұлы енді баланы ата-әжесінің бауырына басқан дұрыс емес деген пікірін ортаға салды.
Жалпы, баланы кемпір-шалға берудің қателігі – осы. Әркім өз баласына өзі ие болуы керек. Дұрыс емес осы. Әншейін далбасалап «ананың баласы, мынаның баласы, бірінші немерем, екінші немерем» деп аталар өздеріне алып алады. Содан кейін ол бала соларға бейімделіп өседі. Атасы өлгеннен кейін ол не өзінің әке-шешесіне сыймайды, не мына жақа сыймайды. Әке-шешем деп жүрген кемпір-шал кетті ғой. Содан кейін бұлар өзінің әке-шешесіне «сен» деп сөйлейтін болады. Өйткені құрдас сияқты көреді. «Әй» дейді, - дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Айтуынша, бұл – баланы кемпір-шал баға алмайды деген сөз емес, жақсы бағады. Бірақ тым қатты еркелетіп жібереді екен.
«Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дегендей, бұл уағызды көрген желі қолданушылары Нұрлан Байжігітұлын бірауыздан қолдап отыр.
«Өте дұрыс айтады. Жиен қайным бар, әке-шешесін сыйламайды, атын атап жүреді. Діңкілдеп сөйлейді», «Өте дұрыс айтылған, 100% қосыламын. Бастан өткен жағдай. Әжем қайтқанда жетімнің күйін кештім, өз үйімде өзім бөтен сияқты боп. Мамамды «мама» деп көрмеппін», «Өте орынды. Мен ұлымды құмарланып, мейірленіп сүйе алмадым. Немеремді бауырыма баспаймын» дегендей пікірлер көп.