×

Қазақстанда коронавирус қайта өршіді: 16 адамның жағдайы ауыр

Бүгінде 3 211 науқас СOVID-19-дан емделуде

 Наима Нұрәлі 12.07.2022 | 09:51
фото © Нұрдәулет Әбікен

Елімізде коронавирус жұқтырған 16 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 3 211 адам ем алып жатыр.

Оның ішінде 401 пациент стационарда, 2 810 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта 16 науқастың жағдайы ауыр, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 млн 532 мың 425 адам, екінші компонентін 9 млн 316 мың 66 адам салдырды.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 310 мың 370-ке жетті, ал 1 млн 293 мың 556 адам коронавирустан айықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама