ҚМА басшысының әйелі қаржы пирамидасына 75 мың доллар салған
Бүгінде бұл іске қатысты тексеріс жүріп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының әйелі Ирина Элиманова қаржы пирамидасына 75 мың доллар құйған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыдағы Бостандық ауданында ITrade Consulting Group қаржы пирамидасы бойынша сот отырысы басталған.
«Ашығын айтсақ, бұрын бірнеше рет сотталған Баян Якупова бастаған бір топ әйел жоғары пайыздық мөлшерлеме мен супер пайда табуға болады деп аудиторияны өздеріне тартқан. Алматыда 9 ханым «Нұрлы Тау» бизнес орталығында кеңсе ашып, Қазақстанның 5 қаласында филиал құрған. Осылайша, оларға көп клиент келіп, қомақты ақша жиналған», - деп жазды журналист.
Михаил Козачков олардың арасында ҚМА төрағасы Жанат Элимановтың әйелі бар екенін айтады.
Олардың жарнамасына сеніп, пирамидаға ақша құйғандардың арасында Элиманова Ирина Викторовна деген әйел бар. Фамилиясы таныс па? Ирина Викторовна – қазіргі қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың зайыбы. Қазіргі әйелі ме, бұрынғысы ма, оны білмеймін. Бірақ зайыбы екені анық..., - деді ол.
Сондай-ақ журналист агенттік басшысының әйелі қаржы пирамидасына қомақты қаржы құйғанын атап өтті.
Жанат Қалдыбекұлы қаржылық қылмыстарды ашып жүргенде, оның сүйіктісі қаржы пирамидалардың біріне 75 мың 980 доллар салып жіберген. Бұл шамамен 30 млн теңге, - деді Михаил Козачков.