×

«Оқ басына тиген»: жұмбақ жағдайда мерт болған сарбазға қатысты тың дерек шықты

Марқұмның туыстары ажалдың серігінен келгеніне күмән келтіріп отыр

 Халық үні 09.07.2022 | 23:40
фото: видеодан скриншот

Мақтаулы «Айбын» президенттік полкінің келісім шартпен жүрген кіші сержантын серіктесі байқаусызда жазым қылыпты. Әзірге әскерилер айтып отырған ресми нұсқа осы. Бірақ 21 жастағы Дархан Мәліктің жақындары бұған сенген жоқ. Себебі, таңнан бері сылтау сан өзерді дейді зар илеген бауырлары.

Жұманың таңы Мәліковтер отбасы үшін қайғымен басталды. Бүгін олар мақтаулы президент полкінде қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген ұлдарынан айырылып қалды. Кіші сержант Дархан Мәлік кеше кешке түнгі кезекшілікке кеткен. Ал бүгін таңда 21 жастағы жігіттің тапаншадан атылып қалғаны туралы суық хабар жетті.

«Әкесімен сөйлескенде айтты «маған звондап, оқ тиіп өзінен-өзі атылып кетті» дейді. Столовыйда отырғанда өзінен өзі атылып кетті. Енді туысымыздың үйіне қызметінен адамдар келіп жатыр дегесін біз айттық «кетпесін, тілдесейік, сөйлесейік, бізге не айтады екен» деп. Сол кезде айтты екі жігіт отырады, нарядты тапсырып асханада. Асханада отырған уақытта Дархан мылтығында оқ болмайды. Пустой болады. Ойнап отырған. Ал қарсыласында оқ болады, ол байқамай қалады. Атқан уақытта бірден басына тиеді», - дейді марқұмның туысы Айзада Сейдахметова. 

Оқиға астанадан 60 шақырым жердегі полигонда болған. Кіші Майлан деп аталатын полигонда әскерилер оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр екен. Келісім-шартпен қызмет ететін Дархан Мәлік сонда күзетте болыпты. Суыт келген хабарға сене алмаған туыстары шыдай алмай таңертеңнен әскери бөлімге жетті. Олар ажалдың серігінен келгеніне күмән келтіріп отыр. Өйткені, командирлердің жауабы таңнан бері сан өзгерді дейді әкесі.

«Маған айтқан ақпараты әртүрлі болып тұр. Таңертең айтты өзінің автоматы атылып кетті деп. Енді бір сағат өткеннен кейін звондасам жолдас жігіттің столовыйдың ішінде атылып қалды деді. Енді сүйекті алып келе жатқан офицерлер мусор төгуге шыққан, сол жерде екеуі бірбірімен ойнаған, сонда атылып қалды дейді. Әртүрлі ақпарат», - марқұмның әкесі. 

Десе де, әзірге ресми нұсқа осы. Айрықша мақсаттағы мемлекеттік күзет күштері қолбасышысының орынбасары жазатайым оқиға деп сендіріп тұр. Полигонда болмағаннан кейін полковник мырза өзі де мән-жайды ашық білмейді екен. Бірақ марқұмның туыстарына хабар айтып, барлық айқайды естіп жүрген осы кісі.

«Мұны бізде тексермейміз. Әскери тергеу басталды. Олар серігі екеуі қарапайым қауіпсіздік ережесін бұзған. Кезекшілік кезінде тапаншаны жәйданжәй сыртынан алып шығуға да болмайды. Ол өзінің сыртында тұру керек. Оны неге суырып алып шықты, мен білмеймін», - дейді Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының орынбасары Ерлан Жарқынбаев. 

Әскери қылмыстық бөлімі осы сұрақтарды анықтайтын болады. Дарханды жазатайым атып алдым деген серігі бірден тергеуге алыныпты. Ол марқұммен бірге әскери сапқа келген, артық мінезі байқалмаған бала дейді жауаптылар. Екеуі дос та болған.

Қазір сержанттың денесі мәйітханада. Тексерістен кейін туған жері Арқалыққа сүйегі жеткізіледі. Түнгі кезегінің бітуіне жарты тәулік қалғанда өмірімен қоштасқан сержанттың артында 20 жастағы әйелі, төрт бауыры мен ата-анасы қалды.

Дереккөз: КТК телеарнасы 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама