Ол қалада бұдан да өзекті мәселелер барын атап өтті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның пікірінше, бұл мәселені талқылаудың керегі жоқ.
Ресми шешім қабылданған. Бәріміз осы қалада тұрып жатырмыз. Мен бұл мәселені қайта-қайта қарауды қолдамаймын. Бізде қала атауын өзгертуден басқа да өзекті мәселелер бар. Оларды шешу керек. Кешіріңіз, шешім қабылданған. Біз жұмыс істеп жатырмыз... Мен бұл шешімге баға бере алмаймын, - деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған дейін аталған мәселеге қатысты Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пікір білдірген еді.
Еске сала кетсек, 2019 жылы наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған болатын.