×

Алаяқтар Кореядан жұмыс іздегендерді де тақырға отырғызып кетіп жатыр

Айына 600-ден астам отандасымыз заңсыз мигрант атанады

 Еркеғали Болатұлы 07.07.2022 | 10:39
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп барған қазақстандық 2 азамат сан соғып қалды. Жоғары жалақы мен тұрақты жұмыс дәметіп барғандарды басқа емес, өз жерлестері тақырға отырғызған.

Гарант болып беретін адаммен ватцап арқылы сөйлесіп, келіскен болатынбыз. Ол жігіт әуежайға кіргенімізде телефонын да алған жоқ. Ақшасын алғаннан кейін мүлдем хабарсыз кетті, - дейді Азамат Тұрысбекұлы есімді жігіт.

Сондай-ақ әлеуметтік желіге Оңтүстік Кореяда далада қалған қазақ қызы туралы ақпарат тарады. Видеоны Арысланбек есімді азамат өз парақшасына жүктеген. Бұл ретте де бойжеткенді өзіміздің отандастарымыз тақырға отырғызып кетіпті.

Жергілікті қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов алаяқтар отандастарымыздың әлсіз тұсын пайдаланады дейді. Айтуынша, олар сенімге көбіне үй, жұмыс тауып беремін деп кіріп алады.

Оның мәліметінше, айына 600-ден астам отандасымыз заңсыз мигрант атанады. Егер олардың алаяқтық әрекетіне қатысты шағым түссе, бірден елден шығарылады дейді. Ал құжаттары заңды болса, 1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір 35 мыңнан астам қазақстандық Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама