×

Астана күні қаланың ортасына әуе шары құлады

Одан ешкім зардап шеккен жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 09:58
фото: видеодан кадр

6 шілде күні астанада Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан әкімшілік орталықтағы Нұржол желекжолында адамдар мінген әуе шары құлады.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, шарда бірнеше адам болған. Шар құлағанда одан ешкім зардап шекпеді.

Видеода қатты желдің әсерінен шардың жерге құлап барып, қонғанын көруге болады. Сол кезде маңайдағы адамдар көмекке ұмтылғаны да көрсетілген. Осы оқиғаға байланысты 112 қызметіне ешқандай қоңырау түспеді.

Осыған дейін Нұр-сұлтан алалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілде күні дауыл болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Ескерте кететін бір нәрсе, 6 шілдеде астанада жылда ауа райы бұзылып, жаңбыр жауып, қатты жел соғып тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама