×

Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы тұрмысқа шықты

15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 01:00
Фото: ашық дереккөздерден

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-шы сыныпты тамамдаған оқушылар отау құрған. 15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен. Жамбыл облысындағы бұл жағдайды арнайы комиссия тексеретін болады.

Комиссияның шешімінен соң толық мәлімет айтылады. Ал олардың ата-аналарына қатысты материалдар кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі, - дейді білім басқармасындағылар.

Оқушыларды мұндай қадамға баруға итермелеген махаббат па әлде басқа жағдай ма, әзірге белгісіз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама