Бүгін Әлихан Смайылов бастаған министрлер қайтадан маска тағып алды

Еркеғали Болатұлы

Ауырғандардың көп бөлігі министрлер маска тағып жүрген Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

фото: stan.kz

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті үкімет отырысы өтті. Қазақстандық министрлер жиынға көп уақыттан бері алғаш рет маска тағып келді.

Айта кетсек, кеше ғана Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қазақстандықтарға ұжымдық иммунитетті сақтау үшін маска тағып жүруді және шетелге шықпауды ұсынған болатын. Өйткені соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 187 жаңа дерек тіркелді.

Ауырғандардың көп бөлігі министрлер маска тағып жүрген Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында. Бір ғана тәулікте елордада – 37, ал Алматыда 112 жаңа дерек тіркелген.

Бұған дейін коронавирус бойынша Алматының «сары» аймаққа кіргені хабарланды. Енді алматылықтарға адамдар жаппай жиналатын жабық мекемелерде маска тағуға кеңес беріледі.