×

Коронавирус өршіді: қазақстандықтарға үндеу жасалды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі аймақтың «сары» аймаққа өтуін күтпей, халық жаппай жиналатын жерде маска тағуға шақырды

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 22:00
Фото: ашық дереккөздерден

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қазақстандықтарға ұжымдық иммунитетті сақтау үшін маска тағып, шетелге шықпауды ұсынды.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғау мақсатында вакцинациядан және ревакцинациядан бас тартпауды сұраймыз. Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін міндетті түрде вакцина салдыру керек. Қорғаныс мақсатында ревакцинациядан, вакцинациядан өтіп, ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, осы қиын күндерді бірге өткізуіміз керек, - деді Ержан Байтанаев.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі аймақтың «сары» аймаққа өтуін күтпей, халық жаппай жиналатын жерде маска тағуға шақырды.

«Барлығына әуежайда, вокзалда, қоғамдық көлікте, халық көп жиналатын жерде маска тағуды ұсынамыз. Маска коронавирус инфекциясынан қорғайды. Мүмкіндігінше шетелге шықпауға кеңес береміз. 130 елде ауру қарқынды таралып жатыр. ДДСҰ басқа елдерге сапар шегуді тоқтатуды ұсынады. Қазір демалыс уақыты екен түсінеміз, бірақ үйде, туыстардың ортасында демалуға да болады», - деді Ержан Байтанаев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда карантин күшейтілгені, бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойғаны және Алматының «сары» аймаққа өткені туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама