×

«Астанада егеуқұйрықтар қаптап кетуі мүмкін»: тұрғындар базардың жұмысына қарсы шықты

«Шапағат-Астана» ЖШС басшылығының мәселені шешуге ниеті жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 12:13
фото: instagram.com

Астанадағы Күләш Байсейітова көшесінде орналасқан № 107, №109 үйлердің тұрғындары «Агроқалашық» ауданында базар мен жеміс-жидек қоймасының салынуына қарсы шықты.

Тұрғындардың айтуынша, «Шапағат-Астана» ЖШС базар мен қойманы балалар ойнайтын алаңқайға жақын жерге салғысы келеді. Егер олар салынса, тұрғын үйлердің аулаларына шіріген жеміс-жидек көбейіп, егеуқұйрықтар, тышқандар мен тарақандар қаптап кетуі мүмкін.

Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында жарияланған шағым-хатта базар мен ұойманың салныуына Қарталы көшесінде орналасқан № 5 үйдің тұрғындары да қарсы болып отыр. Осы және басқа да тұрғын үйлердің иелерінің қаншама рет «Шапағат-Астана» ЖШС басшылығын мәселені шешуге шақырса да олардың келетін ойлары жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама