×

Елордада ер адам екі айлық қызының бас сүйегін сындырды деген күдікке ілінді

Ауыр жарақат алған нәресте қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді

 Қанат Атаманов 05.07.2022 | 08:30
Фото: ашық дереккөздерден

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ішімдікке мас болған. Туғанына небары екі ай болған сәбиін жерге лақтырып, аямай сабаған.

Ауыр жарақат алған нәресте қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар.

Тәртіп сақшылары қатыгез әкені қамауға алды. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде. Сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама