×

Енді жетісулық шабандоздар жол ортасында көкпар тартты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде автомобиль жолында көкпар өткізген шабандоздардың видеосы тарап жатыр

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 19:30
Фото: видеодан скриншот

Бұл оқиға өткен демалыс күндері болған. Ашулы көлік жүргізушілер видеоны Талдықорған-Текелі тасжолында түсірген. Әлеуметтік желілерде автомобиль жолында көкпар өткізген шабандоздардың видеосы тарап жатыр. 

 

Бейнежазбадан шабандоздардың жолдың қақ ортасында көкпарға таласып жатқанын көруге болады. Ойынға берілген олар өздерінің көліктерге кедергі келтіріп жатқанын байқамады. «Көкпар - өте танымал ойын екенін түсінемін, бірақ өзіңнің және жүргізушілердің басын қатерге тігіп, тас жолда ойнудың не қажеті бар?», - дейді жазба авторы.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ат жарысын ұйымдастырушылар ұсталғанын мәлімдеді.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ат жарысын кім ұйымдастырғанын анықтады. Көп ұзамай қатысушыларды да табылды. Қазіргі уақытта оларға қатысты ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қатысушылар ойынға беріліп, жолдың жүріс бөлігіне қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтты. Шабандоздар жол қозғалысына қатысушыларға қандай да бір зиян келтірген жоқ, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Біз бұған дейін Қаскелең көшесінде рұқсатсыз көкпар тартқандар атпен көліктің үстіне шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама