×

Қаскелең көшесінде рұқсатсыз көкпар тартқандар атпен көліктің үстіне шығып кеткен (ВИДЕО)

Тұрғындарға оқиғаны телефонға түсіруге тыйым салып, қорқытып-үркітіп те алған

 Еркеғали Болатұлы 16.05.2022 | 13:10
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының Қаскелең қаласында бір топ шабандоз көкпар ойынын заңсыз ұйымдастырған. Енді оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып отыр.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан Қаскелең қаласының қақ ортасында көкпар тартып жүргендерді көруге болады. Көкпаршылар жұрттың айқайына қарамастан, көшеде тұрған көліктерді әдейі талқандап өтіп жатыр. Тіпті атымен бірге автокөліктің үстіне шығып кеткендері де бар. Олар тұрғындарға оқиғаны телефонға түсіруге тыйым салып, қорқытып-үркітіп те алған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 15 мамырда болғанын, қазір бұл факті Қарасай аудандық полиция бөліміне ресми тіркелгенін хабарлады.

Сондай-ақ көкпар қатысушылары автокөлігін бүлдірген 34 жастағы жігіттен де арыз түскен. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қазір ойынды рұқсатсыз ұйымдастырушылар мен оған қатысқандар іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама